RU
Димаштың АҚШ-тағы концертінің билеттері қашан сатылымға шығады?

Димаштың АҚШ-тағы концертінің билеттері қашан сатылымға шығады?

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та өтетін жеке концертінің билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әншінің жеке концерті 10 желтоқсанда "Barclays Center" стадионында жеке концерті өтетіні хабарланған еді.

Димаш "Арнау" концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Айтулы кештің ұйымдастырушысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Димаш концертіне билеттердің алдын-ала сатылымы 10 қыркүйекте таңғы сағат 10.00-де басталып, 12 қыркүйек сағат 22.00-ге дейін жалғасады.

Сатуға дейінгі кодты алу туралы толық ақпаратты help.ticketmaster.com сайтынан табуға болады.

Билеттерді көпшілікке сату 13 қыркүйекте сағат 10.00-де: httpticketmaster.com сайтында басталады.

Назар аударыңыз, билеттерді сатудың басталуы Солтүстік америкалық Eastern time уақытында көрсетілген.

Айта кетейік, "Barclays Center" стадионында Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Ариана Гранде, Крис Браун, Backstreet Boys, Рианна, Jay-Z сияқты әлемдік әншілердің концерттері өткен.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel