RU
Марадона аргентиналық клубтың бас бапкері болды
Жаңалықтар Спорт

Марадона аргентиналық клубтың бас бапкері болды

Рассказать Вконтакте

Аргентина құрамасының бұрынғы бас бапкері Диего Марадона енді "Химнастия Ла-Плата" футбол клубын басқарады деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

58 жастағы маман Аргентинаның футбол клубымен маусымның соңына дейін шарт жасасты.

Марадонаның басқарған соңғы командасы Мексиканың екінші дивизионында өнер көрсететін "Дорадос" болатын. Ол бұл қызметтен маусым айында иығы мен тізесіне ота жасалуына байланысты кетті.

Ағымдағы маусымда "Химнастия Ла-Плата" Аргентина жоғары лигасында бес матчтың төртеуінде жеңіліс тауып, турнир кестесінде соңғы орында келеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel