RU

Жапония гуманитарлық көмектен бас тартты

Жапония өзінің басына түскен қайғыға ортақтасқан елдерге ризашылығын біл­діре отырып, кейбір мем­ле­кеттерден материалдық көмек алудан ресми түрде бас тартты.

Олардың қата­ры­нда Ауғанстан, Непал, Иор­дания, Перу, Украина (се­бебі түсініксіз), Тә­жік­стан және тағы бірқатар аф­­рикалық елдер бар. Әзір­ге ма­териалдық кө­мек­ті АҚШ, Ресей, Қытай, Оң­түс­тік Корея, Еуроодақ ел­де­рі, Қазақстан, Из­раиль және Австралия бер­ген. Бірқатар ақпарат көз­деріне сүйенсек, Қытай мем­лекеті Жапонияға қан­дай да бір көмек көр­се­туден бас тартқан. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің рес­­ми өкілі Асқар Әб­дірах­ман­ов­тың мә­лім­деуінше, Қазақстан Жа­понияға 1 млн доллар кө­лемінде қаржылай және заттай 33 мың тон­на гума­нитарлық көмек жө­нелтті. Қаржылай көмек Жа­понияның Қы­зыл Крест ұйымына ау­да­рылды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181499-zhaponiya-gumanitarlyk-komekten-bas-tartty.html