Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барахолка өртенді: Алматы аспанына қап-қара түтін жайылды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыдағы барахолка маңында болған өрттің қою қара түтіні жарты қаланы басып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Алматы қаласының түкпір-түкпірінен шамамен шаһардың жартысына жайылған қою түтінді байқауға болады.

Оқиға орнында бірнеше ондаған өрт сөндіруші мен 10-нан астам арнайы техника бірлігі жалынмен күресуде.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, полиция қызметкерлері базар аумағын қоршауға алып, қойма бөлмелеріндегі тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыдағы барахолка аумағындағы қойма өртенді.

Кейін қызыл жалын шарпыған қоймаға жақын маңдағы саудагерлер дереу арада тауарларын сыртқа шығарып жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1814993-baraholka-rtendi-almaty-aspanyna-kap-kara-ttin-zajyldy-foto-video/

pixel