RU

Барахолкадағы алапат өртті екі тікұшақпен сөндірмекші

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық барахолка маңайында шыққан өртті сөндіру үшін тікұшақтар жұмылдыралатын болады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Ведомствода ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" Ка-32 және Алматы құтқару қызметінің Ми-8 тікұшақтары ұшуға дайындалып жатқаны айтылды.

Олар барахолка маңындағы өртті сөндіретін болады.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыдағы барахолка аумағындағы қойма өртенді.

Кейін қызыл жалын шарпыған қоймаға жақын маңдағы саудагерлер дереу арада тауарларын сыртқа шығарып жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, қою қара түтін Алматы аспанын басып қалғаны туралы хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Барахолкадағы алапат өртті екі тікұшақпен сөндірмекші
Mailfire view pixel