RU
Алматыдағы өрт кезінде NUR.KZ журналистеріне шабуыл жасалды (фото, видео)

Алматыдағы өрт кезінде NUR.KZ журналистеріне шабуыл жасалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Портал тілшілері өртеніп жатқан қойма маңындағы "Өжет" базарының саудагерлері жасаған шабуылға тап болды. Оқиға полиция қызметкерлерінің көз алдында болса да, олар журналистерге көмек көрсетпеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Журналистер қызметін кәсіби түрде жүзеге асырып, қоймалардың бірінде болып жатқан өрт туралы ақпарат таратпақ болды.

Олар фото мен видео түсірілімге ракурс іздеу барысында қоғамдық орын болып табылатын "Өжет" базарына кірді.

Жергілікті саудагерлер болса журналистерден түсірілімді тоқтатып, "базар аймағынан кетіңдер" деп тап берді. Бәрі өте дөрекі сөйлесіп, тіпті күш те қолданылды.

Осының бәрін полиция қызметкерлері бақылап тұрған еді. Олар журналистерге көмек көрсетпей, қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді.

Саудагерлер физикалық күш қолдана отырып, басылым қызметкерлеріне аты-жөндерін айтудан бас тартып, базардан шығарып жіберді.

Айта кетейік, журналистерде жеке басын куәландыратын белгілер, атап айтқанда "Пресса" жазуы бар желеттер мен брендті жейделер болды.

Полиция қызметкерлері тілшілерді саудагерлердің ақылға қонымсыз әрекеттерінен қорғамай, оларға қолдау көрсетіп, жағдайды ушықтырып жіберді.

NUR.KZ Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне шағым жасады.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 қыркүйек күні Алматыдағы барахолка аумағындағы қойма өртенді.

Кейін қызыл жалын шарпыған қоймаға жақын маңдағы саудагерлер дереу арада тауарларын сыртқа шығарып жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, қою қара түтін Алматы аспанын басып қалғаны туралы хабарлаған едік.

ІІМ ТЖК алапат өртті сөндіруге екі тікұшақ іске қосылатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel