RU
Барахолкадағы өрт: Авиация әуеге көтерілді

Барахолкадағы өрт: Авиация әуеге көтерілді

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы барахолка аумағында болған өртке қатысты мән-жайды Алматы ТЖД басшысы Серік Әубәкіров баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Өрт туралы хабар сағат 13:38-де келіп түсті. Жалын сығындалған қап сақтайтын қойманы шарпыды.

"Гарнизонның барлық күштері жоғары 3-ші нөмір бойынша тартылған. Жеке құрамның 60-тан астам адамы 20 бірлік техникамен оқиға орнында жұмыс істеуде. Полиция транспорт пен адамдарды шеттетіп, көмектесіп жатыр. Әкімдіктер қол ұшын берді: 15 су тасығышпен қамтыды.
Әуеге екі авиация көтерілді, екі тікұшақ қазір жетуі тиіс. Шамамен, өрттің аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Осы шаршыда ұстап тұрамыз, алайда жалын таралып кетуі мүмкін", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 6 тамыз күні Алматыдағы барахолка базарында өрт шықты. Жалын оңтүстік астана аспанын қара түтіннің астында қалдырды.

Сонымен қатар, "Өжет" базарының ашуға булыққан саудагерлері NUR.KZ тілшілеріне шабуылдады.

Қызыл жалын шарпыған қоймаға жақын маңдағы саудагерлер дереу арада тауарларын сыртқа шығарып жатқаны белгілі болды.

ІІМ ТЖК алапат өртті сөндіруге екі тікұшақ іске қосылатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel