Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрлеу" - әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігі

Опубликовано:

Бүгінгі ғаламда жаһандану процесі жүріп жатқан алмағайып кезеңде қай мемлекеттің де басты қаруы – білімі мен ғылымын өркендетуі болып отырғаны бесенеден белгілі. Ата-бабаларымыздың ертеден-ақ «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деп ұрпағына білімнің жолын аманаттап кетуі бекер болмаса керек.

"Өрлеу" - әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігі

Өткеннен алсақ, көптеген тілді меңгеріп, ғылымның бірнеше саласында адамзатқа айтулы еңбектер қалдырған Фарабилердің бүгінгі ұрпақтары, кешегі әлемдік ғылым саласында өзіндік соқпақтары бар Қ.Сәтпаев, ағайынды Айтхожиндердің ізін жалғастырушы бүгінгі қазақ жастарының білім мен ғылымға қызығушылығы қай деңгейде? Олар әлемдік білім бәсекесіне ілесе алып жатыр ма? Бұл сұрақтардың жауабы мемлекетіміздің білімге деген көзқарасымен тікелей байланысты.

Қоғам – үдемелі құбылыс, үнемі дами отырып, жаңғыра түседі. Қоғам дамуының айғағы білім. Білім кемесі – мектеп. Сол кемемен өмір теңізінде еркін жүзу үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып қана қоймай, оқушыны өз бетінше ойлауға және әрекет етуге қалай үйретуі қажет? Шынында да, қазіргі әлемде теориялық білімді үлкен көлемде ие болудан гөрі, өмірлік мәселелерді шешуде қолдана алатын білім мен тәжірибеге сүйену қабілетіне ие болу ұтымды.

"Өрлеу" - әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігі

Мұндай жағдайда, сөзсіз, пәнді оқытудың ерекшелігі өзгереді. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қандай талаптар қойылады? Біріншіден, міндетті түрде, бұл жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ. Мұғалімнің өзі оқушыларымен ынтымақтастық орнатуды мақсат қояды және оқушыларды мұғаліммен және сыныптастарымен ынтымақтастыққа қалай бағыттау керектігін біледі, проблемалық және ізденіс жағдайларын ұйымдастырады және оқушыларды белсендіреді.

Ал қорытындыны оқушылар өздері жасайды! Бұл шығармашылықпен және бірлесе туынды жасауға серпін береді. Сонымен қатар оқушылардың коммуникативті дағдыларының дамуына басымдық бере отырып, әр мұғалім өз шәкірттерінің ана тілінде еркін және көркем сөйлеуін үйретуді мақсат етеді.

"Өрлеу" - әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігі

Кез келген мұғалімнің кәсіби қасиеттерінің негізгі сипаттары – бұл кәсіби құзыреттілігі, өмір бойы білім алу қағидасын ұстануы және өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделуі. Осылайша, қазіргі уақытта мұғалімнің кәсіби тұлғасы оның дамуының ажырамас шарты екені айқын. Сондықтан жаңашыл мұғалім әрдайым жаңа «білім шыңдарын» бағындыруы керек. Мен үшін осындай «шыңдардың» бірі – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ПҚБА институтында өткен білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курсы болды.

Жаңа форматтағы курстар менің күнделікті жұмысыма деген көзқарастарымды түбегейлі өзгертті, екінші жағынан, өзіме, педагогикалық тәжірибеме басқа көзбен қарауға ықпал етті. Теориялық білімдерді сусындай отырып, іс жүзінде қызметімді басқаша істеу және қажет екендігіне көзім жетті. Әлбетте бұл тұста айтарлықтай қиындықтар туындады, өйткені мен бір емес бірнеше жылдар бойы қалыптасқан әдеттерден, стереотиптерден және көзқарастардан бас тартуыма тура келді. Әр іс-әрекетімді бағдарламаның идеяларымен байланыстырдым, жаңа идеяларды енгізу қажет және нәтиже береді деген қорытындыға келдім.

"Өрлеу" - әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігі

Сонымен, білім мазмұнын жаңарту аясындағы заманауи ұстаз жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңаша тәсілдерін шебер де терең меңгергенде, шығармашылықпен жұмыс жасағанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Осыған лайық мен әлемдік деңгейге сай терең білімді өрелі таным білігімен педагогикалық қауымдастықтың қадіріне айналған «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНАН үйренгенімді мақтанышпен жеткіземін!

Автор: Бейсетаева Бибайша Әбдіманапқызы, Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815019-rleu-lemdik-degejge-saj-tere-bilimdi-reli-tanym-biligi/

pixel