RU
Орал тұрғыны бір жыл бойы жиен қарындастарына азғындық көрсетіп келген

Орал тұрғыны бір жыл бойы жиен қарындастарына азғындық көрсетіп келген

Рассказать Вконтакте

Оралда кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету ісі бойынша үкім шығарылды. Жәбірленушілердің екеуі – 11 және 13 жасар қыздар. Үшіншісі – олардың бірінің сыныптасы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған апалы-сіңілі қыздардың нағашы ағасы бір жыл бойы жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін көрсетіп келген.

Сот процесі БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жабық тәртіпте өтті. Жәбірленушілердің туыстары үйлерінде болған жантүршігерлік жағдайдан зәрелері ұшты.

"Қыздар ағаларының зорлық әрекет көрсетіп жүргенін ұзақ уақыт бойы жасырып келген. "Ешкімге айтпаймын" деп уәде бергенімде олар жылап тұрып бәрін ашып айтып берді.
Бұл сорақылық ұзақ уақыт бойы жалғасып келген. Менің бауырым 13 жылдай түрмеде отырып келген. Ол қыздарды "біреуге тіс жарсаңдар өлтіремін" деп қорқытқан", – дейді жәбірленушілердің бірінің анасы.

Соттың мәліметінше, айыпталушы қыздармен жыныстық қатынасқа түспеген. Алайда, оларды шешінуге мәжбүрлеп, дене мүшелерін ұстаған.

"Қылмыстық істің алты эпизоды бар. 41 жастағы айыпталушы оның бесеуін мойындап отыр. Ол бала кезінен әкесіз өскенін, мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған мектепте тәрбиеленгенін мәлімдеді. Кейін кәмелетке толмағандарға арналған колонияда жаза өтегенін, сол жерде бұзылғанын айтты", – дейді судья Бақыт Ермаханов.

Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 121 бабында қарастырылған (жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel