RU
Павлодарда белгісіз адам жолаушылар автобусына оқ атты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда белгісіз адам жолаушылар автобусына оқ атты (видео)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда белгісіз адам маршруттық таксиге оқ атты деп хабарлайды Pavon.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pavon.kz

Фото: pavon.kz

Оқиға Малайсары батыр көшесінде болған. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат таңғы тоғызда шақырту түскен.

Белгісіз адам пневматикалық қарудан микроавтобусқа бірнеше рет оқ атқан. Instagram желісінде жарияланған кадрлардан автобустың терезесі сынғанын көруге болады.

Аталмыш оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Павлодарлық полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада қолға түсірді.

Белгілі болғандай, ер адам автобусқа оқты пәтердің терезесінен атқан. Пневматикалық тапанша тәркіленді. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel