RU
Алматы әуежайы қырғызстандық жолаушының сынына жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы әуежайы қырғызстандық жолаушының сынына жауап берді

Рассказать Вконтакте

Алматы халықаралық әуежайы Қырғызстандық жолаушының ана мен бала бөлмесінің нашар жағдайына қатысты сынына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook.com/elmar.kim

Фото: Facebook.com/elmar.kim

Эльмар Кимнің Facebook парақшасында алматылық әуежайдан алған әсері туралы жариялаған жазбасы қоғамның қызу талқысына түсті. Ер адам әйелі және баласымен бірге Алматы арқылы Кореядан Бішкекке ұшпақ болған.

Әуежайда рейсін күтіп отырған олар ана мен бала бөлмесін көріп қатты шошыған.

"Кореядағы бөлмелерден кейін, мен артқа, Қазақ КСР-не түсіп қалғандай болдым. Ол жақта ештеңе болған жоқ...", - деп жазды азамат.

Алматы әуежайы қырғызстандықтың сынын орынды деп мойындады.

Сонымен қатар, олар бөлме әрдайым жақсы жағдайда ұсталатынын, үнемі тазартылып тұратындығын, ана мен бала үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Наразылықтың қайнау нүктесі шегіне жеткен кезде, дәл қазір, жоспарларымыз туралы есеп беруге мәжбүрміз", - деді әуежайдағылар.

Әуежай әкімшілігі үш ана мен бала бөлмелерінің жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен қаржы бекіткені белгілі болды.

Сондай-ақ, әуежай әкімшілігі бүгінде барлық әкімшілік шаралар аяқталып, мердігерлермен келісім-шарт жасалғанын атап өтті.

Одан бөлек, жаңа жиһаздар дайындалып, барлық қажетті құралдар мен тұрмыстық техникалар алынғанын айтты.

Әуежайдың мәліметінше, жөндеу жұмыстары жақын арада басталып, максималды қысқа мерзімде аяқталады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel