RU
"Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ": Байбек барша халықты айтысқа шақырды
Жаңалықтар Қоғам

"Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ": Байбек барша халықты айтысқа шақырды

Рассказать Вконтакте

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек таяу күндері Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталатынын хабарлап, елден сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бас кеспек болса да, тіл кепсек жоқ": Байбек

Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші орынбасары жақында өтетін ақындар сайысының айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлек мереке екенін атап өтті.

"Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз» екендігі нақты көрсетілген.
Осыны ескере отырып, «Nur Otan» партиясы жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді. ⠀ Ежелден «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі.

Осыған орай партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр. ⠀ Осы мақсатта біз партия қолдауымен жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық.

Биылдың өзінде жыл соңына дейін бес айтыс өткіземіз. Баршаңызды алда өтетін осынау арқалы ақындардың сөз сайысына келіп, өрелі өнерімізді тамашалауға шақырамын", - деп жазды Байбек өз парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
6
4
0
0
4
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel