Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз зорлығына күдікті 13 ер адам әкелікті анықтау үшін сараптама жасатты

Опубликовано:

Қостанай облысының ПД Арқалықтағы қызды 13 азамат зорлаған деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ. Соңғы брифингте полиция тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстанов қылмысты жасаған адамдар анықталмағандықтан, іс тоқтатылып, облыстық прокуратурада екенін айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Зорлау фактісі полицияға 22 жастағы қыздың жүктілігін ФАП фельдшері анықтағаннан кейін белгілі болды. Кейіннен қыздың анасы Арқалық полиция бөліміне жүгінді, бұл факт 2018 жылдың 19 сәуірінде тіркелді", - деді Арыстанов.

Полиция әртүрлі уақытта болған зорлау фактісі және адам ұрлығы бойынша үш қылмыстық іс қозғады.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында ол көрсеткен Екидин ауылында тұратын барлық 13 ер адамға қатысты тергеу шаралары қабылданды. Әкелікті анықтау мақсатында күдіктілерге сараптама жасалды. Бірақ нәтиже бәрінде теріс. Бұл істі реттеуші органдар бірнеше рет зерттеген", - деді Арыстанов.

Полиция басшысы зорлау туралы бір жылдан кейін хабарланғанын айтты.

Жәбірленуші көрсеткен барлық күдіктіден жауап алынып, жәбірленушімен көзбе-көз беттестірілген.

Естеріңізге салсақ, адвокат Айман Омаров 22 жастағы қызды бір топ ер адам зорлағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815048-kyz-zorlygyna-kdikti-13-er-adam-kelikti-anyktau-sin-saraptama-zasatty/

pixel