RU
"Қоқыстан табылды": Алматылық тұрғын 14 жастағы қызының зорланған болуы мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қоқыстан табылды": Алматылық тұрғын 14 жастағы қызының зорланған болуы мүмкін екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 14 жастағы жасөспірімнің анасы қызының ессіз күйде қоқыс маңайынан табылғанын мәлімдеді. Әйел адам қызды әлде біреулер зорлаған немесе зорлауға тырысқан деп қауіптеніп отыр. Бұл туралы Дина Смаилова Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Динаның айтуынша, қыздың анасы "Немолчи" қоғамдық қорына хабарласыпты. Ананың сөзінше, қызының сыныптастары оған телефон шалып жасөспірімнің ессіз күйде жатқанын айтқан. Анасы қыздардан баласының жанында бола тұруды өтініп, бірден жолға шыққан. Алайда оқиға орнына жеткен кезде қызды белгісіз біреулер сүйретіп әкетіп қалған.

Дина Смаилова ана мен кәугерлердің сөзіне сүйене отырып әлдебіреулердің қызды көлікке отырғызып, белгісіз бақытта әкеткенін жазды. Сол кезде анасы полиция шақырған. Екі сағаттан кейін жасөспірім ауданның басқа бөлігінде, қоқыстан табылды.

Қыз ес-түссіз құсып жатты. Жол жөнекей өтіп бара жатқан ер адам қыздың құсығына тұншығып қалмауы үшін оған алғашқы көмек көрсеткен деп жазды Дина. Смаилованың сөзінше, қыздың үсті кір әрі ылғалды болыпты. Оның үстіне су құйып жібергендей шашы ылғалды болған екен.

Динаның айтуынша, куәгерлер де қызды қоқыстың жанынан анықтағанын, сосын оның анасына телефон шалғандарын айтты. Кейіннен 2-5 ер адам барлығының көзінше оны көлікке отырғызып, алып кеткен.

Полицияда деректің СДТБТ-да 102 пультіне сигнал келіп түскеннен кейін бірден тіркелгенін хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚР ҚК 122-бабы бойынша дереу бастады, куәгерлер мен қыздың анасы көрсеткен адамдар сұралды.

Сараптама тағайындалды,оның қорытындысы бойынша істің мән-жайы белгілі болады.

"Тергеу барысында өндірістің толықтығы, объективтілігі мен жан-жақтылығы қамтамасыз етілді", - деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
3
6
1
9
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel