Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда барахолка маңында болған алпауыт өрттен кейін ауаның ластануы байқалды

Опубликовано:

Алматы барахолка ауданында болған өрт орынының жанында алынған ауа сынамасы ластанудың жоғары деңгейін көрсетті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фотo: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов
Фотo: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Алматы филиалының мамандары өрт шыққан жерге жақын 4 жерден сынама алды. Талдау жүргізу барысында азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді және 4 жердің екеуінен фенол бойынша жоғары ластану тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйек күні Алматыда барахолка ауданында алпауыт өрт пайда болды. Қалың түтін қаланың жартысын жалмады. Өрт авиациямен сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815059-almatyda-baraholka-maynda-bolgan-alpauyt-rtten-kejin-auany-lastanuy-bajkaldy/

pixel