RU
Қарағанды облысында бала ұрланды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында бала ұрланды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында Бұрма ауылы тұрғынының танысы оның үш жасар баласын ұрлап кеткен. Ер адам мен баланың тұрған жері анықталмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 қыркүйек күні Шет аудандық ІІБ кезекші бөліміне Бұрма ауылында тұрып жатқан баланың 22 жастағы анасы жүгінді.

"Арызданушы, 23 жастағы танысының ауылдық дүкеннің жанында тұрып оның қолынан ұлын күшпен тартып алып, қашып кеткенін хабарлады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінде.

Көз жасын тия алмаған анасы бірден полиция бөліміне жүгірген. Облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы дереу бағдарланды.

"Қазір баланың тұрған жерін анықтау және күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚК-тің 125-бабы 2-бөлімі "Адам ұрлау" фактісі бойынша қозғалды", - деп түсіндірді полицияда.

Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel