Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылы 7 қыркүйекте оңтүстік Астана уақыты бойынша 06 сағат 30 минутта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 11 км қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 9.7. MPV Магнитудасы 4.6. Тереңдігі 15 км.
Алматыда сілкіністің 2-3 баллда сезілуі туралы мәліметтер бар.
ЖП ЖБО-ның хабарлауынша, полиция нарядтары патрульдік учаскелерде зақымдар мен қираулар анықтаған жоқ.
"Қазселденқорғау" ақ гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерде деформация, шөгу және сызаттардың пайда болуы байқалмағанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
0
0
Тағы да оқыңыздар