RU
"Зорламақ болған": Нұр-Сұлтанда қызға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

"Зорламақ болған": Нұр-Сұлтанда қызға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

5 қыркүйек күні ащы суға сылқия тойып алған ер адам мектеп маңайында 17 жастағы қызға шабуыл жасады. Оқу орнының меңгерушісі егжей-тегжейлі ақпарат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мектептің директоры Сәуле Теменованың айтуынша, қыз мектепке інісін алып кетуге бара жатқан, сол кезде оған мас адам шабуыл жасады.

"Ол ер адам мас келе жатты, қызды ұрып, сүйреп әкетіп жатты. Куәгерлердің сөзінше, ағаштардың арасына әкетпек болыпты", - деп жеткізді оның сөзін Tengrinews.kz.

Куәгерлер жағдайды көріп, айқайға бас салып, ер адамды қорқытып, полицейлерді шақырды.

"Ол дуал арқылы секірді, біздің шаруашылық меңгерушісі оның артынан жүгіріп, суретке түсіріп үлгерді", - деді ол.

Шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова есімді әйел адам болып шықты.

"Елорда Инфо" хабарлағандай, әйел батыл әрекеті үшін марапатталды.

Любовь Шаукалова өзінің іс-әрекетін ерлік деп есептемейді. Ол оның орнында әркім осылай әрекет етеріне сенімді.

"Мен жай ғана жанынан табыла кеттім», - дейді әйел адам.

Сонымен қатар, оқу орнының әкімшілігі оқыс оқиғадан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, студент қызға 5 қыркүйек күні шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel