RU
Шымкентте үш жасар бала үйінің ауласындағы шұңқырға құлап, көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте үш жасар бала үйінің ауласындағы шұңқырға құлап, көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында 2016 жылы дүниеге келген бүлдіршін үйінің ауласында орналасқан шұңқырға абайсызда құлап кетіп, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы жағдай Еңбекші ауданы Шалғынды көшесіндегі үйлердің бірінде 6 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00 шамасында орын алған.

Үй шаруасымен жүрген анасы аулада ойнап жүрген кішкентай ұлының дауысы естілмей қалған соң іздеп көшеге шыққан. Ақырында өз үйіндегі шұңқырдан тапқан.

Жанталасып сәбиін сыртқа алып шыққанымен аман алып қалу мүмкін болмаған.

"6 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00 шамасында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Еңбекші ауданы аумағында үш жасар баланың септикке құлап кеткендігі туралы хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан 6 адам жіберілген. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде туыстарының өздері баланы септиктен ап шыққаны анықталған", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel