RU
Нурмагомедовтен ұтылған Порье көз жасына ерік берді
Жаңалықтар Қоғам

Нурмагомедовтен ұтылған Порье көз жасына ерік берді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың UFC шебері Дастин Порье ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңілгенін эмоционалды түрде білдірді. Сұхбат барысында боксшы өзін ұстай алмай, жылап жіберген деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Порье UFC 242 турнирінде жеңіліс тапты. Оның қоржынында 25 жеңіс пен 6 жеңіліс бар.

Басылымның мәліметінше, ол жекпе-жектен кейінгі сұхбат кезінде көз жасына ерік берген.

Одан алдағы жоспарлары туралы сұрағанда, біраз уақыт отбасы мен достарының арасында уақыт өткізетінін айтты.

Айта кетейік, Нурмагомедов Абу-Дабиде 7 қыркүйек күні өзінің 28-ші жеңісіне ие болды. Ол қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын.

Әзірге Хабиб Нурмагомедов бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel