Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Опубликовано:

Бүгін Ливандағы екінші қазақстандық бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбітшілік қызметінде» медаліне ие болды.

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Жүлдені жиынтық ротаның жеке құрамына БҰҰ уақытша күштері штабының бастығы табыстады. Медальдің артқы жағында «IN THE SERVICE OF THE PEACE» деген бедерлі жазу орналасқан. Бұл «бейбітшілік қызметінде» деген мағынаны білдіріп, БҰҰ миссиясына қатысқандығын дәлелдейді. Міндеттерді орындау барысында біздің бітімгершілік рота «кәсіпқой бітімгер» мәртебесіне ие болды.

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгершілік рота «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысуға алты ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілген еді. 2019 жылдың қараша айында бітімгерлер құрамы елге оралып, оларды алмастыруға үшінші бітімгершілік рота аттанады.

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Бұған дейін қазақстандық әскерилер тек бақылаушылар ретінде қатысқан еді.

Жалпы, Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалардың жақтаушысы және белсенді қатысушысы екендігін айта кеткен жөн. Бітімгершілік әлеуетін дамыту ҚР Қарулы Күштерін алдағы уақытта дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, 1-ші қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағына зымырандық соққы жасаған болатын, осыған байланысты БҰҰ бөлімшелерінің құрамына кіретін Қазақстанның екінші бітімгершілік ротасы арнайы міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815159-kazakstandyk-bitimgerler-b-medalimen-marapattaldy/

pixel