Выйти
RU

Алматы маңында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы-Бішкек трассасында бір әйел мерт болды, деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы маңында көліктің астына түскен әйел қаза тапты (фото, видео)

Фото: Zakon.kz

Басылымның мәліметінше, Subaru Legacy көлігі Алматы-Бішкек тас жолының бойымен қалаға қарай бет алған. Жаяу жүргіншілер өткелі басталатын Қаскелеңге қараған бұрылыста жолға бір әйел жүгіріп шығыпты.

Subaru жүргізушісі әйелді абайсызда соғып кеткен.

Алматы маңында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып, мерт болды (фото, видео)

Оқиға орнына куәгерлер дәрігер шақырған, бірақ соғылған әйел жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған.

Көлік жүргізушісі ол әйелдің жолға рұқсат етілмеген жерде жүгіріп кетті деп сендіреді. Алайда, кейбір куәгерлердің айтуынша, әйел жол өткелімен жүрген.

Басылымның хабарлауынша, апат орын алған тас жолдың учаскесінде көше шамдары ұзақ уақыт жұмыс істемеген. Оқиға кезінде де жарық болмапты.

Оның үстіне, бұл жер адам көп жиналатын жерлердің бірі, өйткені жақын жерде көптеген дүкендер мен мейрамханалар орналасқан.ке

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы маңында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді (фото, видео)