Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Ауруым асқына бастады»: Отандық тележүргізуші елден көмек сұрады

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Диля Ибрагимова қазақстандықтардан көмек сұрады. Бойжеткен Facebook-тегі парақшасында өзінің ауыр дерті туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыркүйек айының басында журналист оқырмандарына өзінің «әбден қалжырап, өмірге деген құштарлығы сөніп бара жатқанын» мойындады. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар келе бастағанын жазды.

Кейін жариялаған постында дәрігерлердің әлі нақты диагноз қоймағанын, алайда денсаулығы нашарлай бастағанын айтты.

«Диагноз нақтыланбады, бірақ аурудың пайда болғаны рас. Есімді жоғалту, бас айналу, аяқтарым өзіме бағынуды қойды, соған қарамастан көлік жүргізуді тоқтатпадым. Енді ауруханаға жатуды жоспарлап отырмын, неге екенін білмеймін, маған осылай деген», - деп жазды Диля.

Сол жазбасында ол қазақстандықтардан емге қаражат жинауға көмектесуін өтінді. Дәлел ретінде журналист дәрігерлер қойған диагноздың фотосуреттерін қоса берді.

Журналистің ауруы туралы оның досы әрі әріптесі Галина Исакова хабарлады.

Диля Ибрагимоваға прогрессивті мультифокальды лейкоэнцефалопатия диагнозы қойылған, ол көп жағдайда өлімге әкеледі.

Жуырда тележүргізуші ауруы өршіп келе жатқанын айтып, отандастарынан тағы бір мәрте көмек сұрады.

«Өкінішке орай, менің ауруым асқына бастады ... Кеше ғана көлік жүргізген едім, бүгін аяғыма тұра алмадым. Тұрғым келді, бірақ жүруім қиындаған. Шұғыл ауруханаға жатуым керек ...

Дүйсенбі күні таңертең барамын. Олар мені сол жерде күтуде ...

Достар, мен тағы да сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Егер қолдарыңыздан келсе, маған көмектесіңіздерші...», - дейді Диля.

Ибрагимова «Таң», «Хабар» және КТК сияқты отандық телеарналарда спорттық бағдарламалардың тележүргізуші болып жұмыс істеді.

Бүгінгі таңда бір ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815176-auruym-askyna-bastady-otandyk-telezrgizusi-elden-kmek-srady/

pixel