RU

Порьені жеңген Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды

7 қыркүйек күні Дастин Порьені жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов үлкен гонорарға ие болды деп хабарлайды Prosports.kz.

Нурмагомедов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Жеңіске жеткен ресейлік балуан 6 090 000 доллар алады. Бұл туралы UFC ресми баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Оның 6 миллионы — кепілді гонорар, 50 000 — өнер көрсеткені үшін, ал 40 000 — жекпе-жек алдындағы белсенділік үшін.

6 млн доллар — UFC тарихындағы ең үлкен гонорар.

Айта кету керек, Хабибтің гонорарына ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылмады.

Хабибтің қарсыласы Дастин Порье 290 000 доллар гонорар алды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1815185-poreni-zegen-habib-ufc-tarihyndagy-e-kp-gonorarga-ie-boldy.html