Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кім және не үшін қылмыскерді түрмеден босатқан: Қызметтік тексеру жүріп жатыр

Опубликовано:

Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация Қызметінің қызметкерлеріне қатысты тергеуі басталды. Олар әйел адамды өлтіргені үшін қамалған және қазір үш жасар бүлдіршінді ұрлап кетіп, өлтірді деп күдіктелген Игентай Сопыжановты қолдап, мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррррр
Фото: NUR.KZ: Original

Неліктен қылмыскерді тиісті мерзімінен бірнеше жыл бұрын бостандыққа жібергенін полиция анықтай алмай әлек. Сопыжановтың босап шығуының ресми түсіндірмесі – оның түрмедегі үлгілі тәртібі болған.

Қазір Пробация қызметінің қызметкерлері не себепті оның түзу жолға түскеніне сенімді болғаны және пробациялық бақылауда жүре тұра үш жасар баланың өліміне себепкер болуы анықталып жатыр.

«Біз адам өлімі үшін сотталған Сопыжановтың неліктен шартты түрде босатылғанын анықтау үстіндеміз. Дәл қазіргі уақытта Пробация қызметінің лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Ол бостандыққа ақпан айында шығып, қыркүйекте өзінің ғашығының баласы - үш жасар Максим Гарифулинді өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Бүлдіршін 5 қыркүйек күні ұрланып, бүгін, 8 қыркүйекте, таңғы 10 шамасында оның мәйіті табылды.

«Өлімінің нақты уақыты мен себебін сараптама тағайындайды», - деп хабарлады Ерлан Файзуллин.

Баланың мәйітін тапқан патрульді полиция полкінің стажеры іздеу жұмыстары туралы айтты.

«Біз екі тәулік бойы сәбиді іздедік. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Мен әріптесіммен бірге баланың денесін бұтақтар арасынан тауып алдым. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды», - деді Мейрхан Айнабеков.

Бүгін, 8 қыркүйекте, үш жасар баланың ұрлануы мен өліміне байланысты өткен шұғыл брифингте Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы қылмысқа күдікті азаматқа республикалық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қарағанды облысында осыдан бірнеше күн бұрын анасының қолынан ұрланған үш жасар сәбидің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік.

5 қыркүйек күні ер адам дүкеннің жанында тұрған 22 жастағы танысының баласын қолынан жұлып алып кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815201-kim-zne-ne-sin-kylmyskerdi-trmeden-bosatkan-kyzmettik-tekseru-zrip-zatyr/

pixel