RU
"Алып қашты": 15 жасар ақтаулық жұбайлар желіде талқыға түсті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Алып қашты": 15 жасар ақтаулық жұбайлар желіде талқыға түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазнет қолданушылары Ақтауда үйленген 15 жастағы жасөспірімдердің тойынан желіде тарап кеткен кадрларды қызу талқыға салуда. Жас келін өзін ұрлап кеткенін, ал үйіне қайтып баруды ар санағанын жазады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көптеген сұрақтардан шаршап кеткен ару не себепті ерте тұрмыс құрғаны туралы арнайы пост жазған.

Қалыңдықтың жазуынша, оның және жұбайының жасы 15-те. Олар 2004 жылы дүниеге келген. Екеуі де қазір колледжде білім алады.

Жас жұбайлар шаңырақ көтермес бұрын 3-4 ай кездесіп жүрген.

"Әрине, басында карсылықтар болды. Мені алп кашып кеткендіктен, өзімнің де xабарым жоқ болды.
"Қайтып келген қыз жаман" дегендіктен және бір-бірімізді сүйгендіктен мен қаламын деп шештім", - деп жазады 15 жасар келін.

Жас келіншектің Instagram парақшасында көрсетілгендей, үйлену тойы осы жылдың шілде айында болған.

Желі қолданушылары олар ресми түрде заңды некеге тұрмай, мешітте мұсылманша жолмен некелерін қиды деп есептейді.

Айта кетерлігі, Қазақстанда заң бойынша 18 жасқа толғандар ғана некелесе алады. Кей жағдайда жас мөлшері төмендеуі мүмкін, бірақ көп дегенде екі жылға ғана.

Сіздің реакцияңыз
1
6
4
3
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel