RU
Шымкентте ер адамды қағып өлтірген жүк көлігі оқиға орнынан қашып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте ер адамды қағып өлтірген жүк көлігі оқиға орнынан қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жүк көлігінің жүргізушісі ер адамды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған дене жарақатынан жасы 50-60 жас шамасындағы ер адам көз жұмды. Оқиға жексенбі, 8 қыркүйек күні таңертең орын алған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сағат 09.20 шамасында жедел жәрдем қызметіне шақырту туралы хабарлама келіп түскен. Алайда ақ халаттылар ер адамды аман алып қала алмапты.

Бұл туралы блогер Руслан Жанпейісов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бейнеүндеу жариялады. Ол көрген-білгендер болса адамды қағып, мерт еткен көлік жүргізушісін табуға атсалысуға шақырды.

Руслан Жанпейісовтың айтуынша, кісі өмірін қиған жол көлік оқиғасы Шымкенттегі Алматы тас жолында жанармай құю бекетіне жетпей Достық шағынауданына бұрылар тұста орын алған. 

"Көк түсті шалбар мен күртеше киген ер адамды соққан жүк көлігін көрген болсаңыз 102 нөміріне хабарласыңыз немесе осы бейнеролик астына коммент ретінде жазып кетіңіз.
Марқұм ер адамның орнында кез-келгеніміз болуымыз мүмкін еді", - дейді блогер жол апаты туралы бейнероликте.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel