RU
Нағыз күз: Бүгін еліміздің біршама өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нағыз күз: Бүгін еліміздің біршама өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 9 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ болады деп күділуде деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.

Ауа райы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз +15, кешке 8 градус жылы болады. Күн алабұлтты, аздаған жаңбыр болады. Алматыда дүйсенбі күні жаңбыр болуы мүмкін. Күндіз +22, түнде 12 градус жылы.

Шымкентте де аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +22 , түнде 14 градус жылы.

Өңірлердегі ауа райы болжамы

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде найзағай болады, күндіз тұман күтіліп отыр. Желдің екпіні - секундына 15-20 метр.

Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жауады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан және Қызылорда облысында дауыл болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы және Қостанай облыстарында найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қостанай облысында тұман күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнайды, тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel