RU
Нұр-Сұлтанда Toyota жүргізушісі балалы әйелді қағып, бүлдіршін көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда Toyota жүргізушісі балалы әйелді қағып, бүлдіршін көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Toyota тізгіндеген жүргізуші кішкентай баланы анасымен бірге қағып кетті. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ввввв

Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Абай даңғылының бойында орын алған.

Бейсекбаев көшесі жақтан Брусиловский көшесіне қарай бет алған жеңіл көліктің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде тізгінге ие бола алмай, шамамен 3-4 жастағы баласы бар әйелді қағып, жер үйдің үйдің қоршауына соғылған.

Апат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмса, әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген департаменттің дерегінде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel