RU
Жекпе-жектен соң мәлімдеме жасаған Хабиб тағы да даудың ортасында қалды

Жекпе-жектен соң мәлімдеме жасаған Хабиб тағы да даудың ортасында қалды

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьемен өткен жекпе-жектен кейін тағы да даудың ортасында қалды. Нурмагомедов октагонда жеңісін тойлау сәтінде байқамай сөйлеп, желі қолданушыларының ашуына тиген деп жазады «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

7 қыркүйекте Абу-Дабиде өткен UFC 242 шоуында Хабиб Порьені тұншықтыру әдісімен жеңді.

Алайда ол көпшілік назарын өзінің жеңісімен ғана аудардмады. Дағыстан балуаны әлі сегіз бұрышта болғанда, ұлттық бас киімі туралы сұраққа жауап бергенде абайсыз мәлімдеме жасаған.

«Папаха - барша Солтүстік Кавказдың мәдениеті. Алайда оны киіп жүру үшін ар-намыс керек, сен еркек болу керексің. Әйелдер бізде папаха кимейді», – деген Хабиб көпшіліктің ашуын тудырды.

Көптеген желі қолданушылары бұл мәлімдемені "сексистке тән" деп есептеді. Пікір білдірушілердің ойынша, Хабиб әйелдерді қоғам алдында төмен түсіріп, қорлаған.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel