RU
Ресей ОСК басшысы өзіне шабуыл жасаған қазақстандық жігіт туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ресей ОСК басшысы өзіне шабуыл жасаған қазақстандық жігіт туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова өзіне шабуыл жасаған қазақстандық туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Элла Памфилова, Башит Қарабалаев. Фото: ru.rfi.fr, Лина Корсак/ "МК"

Элла Памфилова, Башит Қарабалаев. Фото: ru.rfi.fr, Лина Корсак/ "МК"

Шенеуніктің сөзінше, ол нағыз шок алған.

Алайда, келіншек қазақстандық азамат үйіне баса-көктеп кірмей, есіктің қоңырауын басып, тамақ пен жұмыс сұраса, екеуін де беретін едім дейді.

"Тамақ та беретін едім. Мен қарны аш иттер мен мысықтарды тамақтандырамын, үйі жоқ екі мысық менің үйімде тұрады. Ал адамға тамақ беру мүлде проблема емес",- деді ОСК басшысы.

Ол қазір бұл жағдайға күліп қарағанымен, сол уақытта басқа сезімде болғанын алға тартты.

Айта кетерлігі, 6 қыркүйек күні белгісіз біреу Элла Памфилованың үйіне кіріп, оны бірнеше рет электрошокермен ұрып, тығылып қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Артынша шабуылшының қазақстандық Башит Қарабалаев екені анықталды. Бес жылдай уақыт шамасында Ресейде тұратын азамат құжаттарын жоғалтып алған.

Қазір ол еш жерде жұмыс істемейді, орманда өз қолынан жасалған лашықта тұрады.

Қазақстандық бұл әрекетке қарны ашып, тамақ іздегендіктен барғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel