RU
Көлік терезесін мылтықпен сындырмақ болған азаматқа оқ тиіп, мерт болды

Көлік терезесін мылтықпен сындырмақ болған азаматқа оқ тиіп, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Лондонда ер адам көлікте отырған жастармен араздасып қалған. Азамат қолына мылтық алып, автоның терезесін қарумен сындырмақ болған. Алайда оқ оның өзіне тиген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мәліметтерге сәйкес, Лондондағы Сайденхем-роуд ауданында тұрған "Пежо" автокөлігінде бірнеше жастар отырған. 15:25 шамасында көлікке алып денелі, қолында қаруы бар ер адам жақындап келіпті.

Олардың не жайлы сөйлескені белгісіз. Алайда жастар ер даммен әңгімелесіп болғаннан кейін көліктен шығып, тараған.

Ал азамат белгісіз себеппен мылтықтың дүмімен терезені сындырмақ болыпты.

Ер адамның тәжірибесі жоқ болуы әбден мүмкін.

Себебі терезені екінші рет соққан кезде мылтықтан оқ атылып, азаматтың өзіне тиген. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келді. Алайда ер адамды құтқару мүмкін болмады.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Бір нұсқаға сәйкес, жапа шегуші о баста көлікте отырғандардың бірімен араздасып қалған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel