Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 жасқа толған Мадина Сәдуақасованы күйеуі қалай құттықтады? (фото)

Опубликовано:

Күні кеше отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 40 жасқа толды. Туған күнін гастрольдік сапарда жүріп өткізген өнер иесін Алматыға келген бетте жолдасы ерекше тосын сый жасап қарсы алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова тығыз гастрольдік бағдарламасына байланысты туған күнін концерттен қайтар жолда қарсы алуға мәжбүр болған.

Алайда, ән кештерінен шаршап үйіне оралған шоу-бизнес жұлдызын күйеуі әуежайда ерекше тосын сыймен күтіп алды.

Олжас Смағұлов сүйікті жарына әдемі гүл шоғы мен дәмді тортты тарту еткен.

Қызығы, тортта 40 жастың орнынан 18 деп жазып қойған. Эстрада жұлдызы сүйіктісінің құттықтауы кезіндегі суреттермен Instagram желісінде бөліскен.

Желі оқырмандары ер адамның жылы лебізіне тәнті болып, Сәдуақасоваға өз құттықтауларын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815247-40-zaska-tolgan-sduakasovany-kjeui-kalaj-kttyktady-foto/

pixel