RU
Ресейлік шенеунікке шабуыл жасаған азаматтың үйінен секс-ойыншықтар табылды
Жаңалықтар Қоғам

Ресейлік шенеунікке шабуыл жасаған азаматтың үйінен секс-ойыншықтар табылды

Рассказать Вконтакте

Ресейде ОСК басшысы Элла Памфилованың үйіне шабуыл жасады деп күдіктелген қазақстандық кезбе Башит Қарабалаевтың лашығынан секс-ойыншықтар табылды деп хабарлайды МК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Күдікті мен оның лашығы

Фото: Күдікті мен оның лашығы

Басылымның хабарлауынша, Қазақстаннан бес жыл бұрын келген азамат Подмосковьедегі "Лес и Река" коттеджді ауылы маңында өзі салған лашықта өмір сүрген. Дәл осы аумақта Орталық сайлау комиссиясы басшысының үйі орналасқан.

Ресейлік БАҚ өкілдерінің ақпаратынша, күдіктінің мекен-жайын тексеру барысында оған тиесілі емес заттар табылған. Олардың қатарында фаллоимитаторлар да бар.

Азамат өз лашығында не себепті секс-ойыншықтар болғанын түсіндіре алмады.

Қазақстаннан шыққан азамат бірнеше рет жергілікті үйлерге кірген деп ойлауға негіз бар.

Басылымдағы мәліметтерге қарағанда, басқа қамауға алынған коттеджден фаллоимитаторлар ұрланған.

Қазір ұсталған азаматтың ұқсас эпизодтарға қатысы тексерілуде.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Ресей ОСК басшысы Элла Памфилованың үйіне шабуыл жасалды. Бірінші қабаттағы мысығына тамақ беруге түскен келіншек белгісіз азаматты көрген.

Бұзақы әйелді электршокермен ұрмақ болыпты. Алайда, құрылғы істемей қалған соң қарақшы қашып кеткен.

БАҚ өкілдері күдіктінің Қазақстаннан шыққанын мәлімдеді. Ал азамат өз әрекетін тамақ іздегенімен түсіндірді. Элла Памфилова егер шабуылдаушы азамат жұмыс пен тамақ сұраса, екеуін де беруге дайын болғанын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel