RU
"Ақшамен шешілмейді": Наташа Королева тағы да Бүркіт пен Аишаға қонаққа келді (видео)

"Ақшамен шешілмейді": Наташа Королева тағы да Бүркіт пен Аишаға қонаққа келді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей эстрадасының әйгілі әншісі Наташа Королева отандық жұлдызды отбасы Бүркіт пен Аишаға тағы да қонаққа келді. Жақында ғана қазақстандық әртіспен дуэт жазып, бейнебаян түсірген өнер иесі Қазақстанның оңтүстік астанасына қайтып келуді ұйғарыпты. Королеваның айтуынша, оған Алматы қаласы өте қатты ұнап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша Алматыға келген Наташа Королеваны тағы да қонақ етіп күткен.

Бұл жолы олар өзге елдің өнер иесін қаланың әсем мейрамханаларының біріне шақырып, үлкен дастархан жайған. Көңілді отырыс кезінде Бүркіт видео түсіріп, оны Instagram желісінде жариялап жіберді.

Онда ресейлік жұлдыз отандық әншілердің асқан қонақжайлығына әлі де тәнті екенін білдіріп, оларға өз алғысын жеткізді.

Бүркіт, өз кезегінде, ресейлік әріптесін қарапайымдылығы үшін қатты бағалайтынын айтты.

"Алматыға Наташа Королева келді! Наташаға шығармашылығы, керемет мінезі мен адамгершілігі үшін алғыс білдіргім келеді. Өте көңілді жан. Көбісі оның дуэт айтқаны үшін қанша төлегенімізді сұрап жатты.

Бұл шығармашылық негізіндегі одақ. Наташа өте өнерлі, және ең бастысы жұлдыз ауруына шалдықпаған қарапайым әнші.

Бұл қасиеті үшін біз оны одан да қатты жақсы көріп кеттік. Бұл өмірде барлық мәселе ақшамен шешілмейді. Наташа осы райыңыздан таймаңыз.
Тек қана алға. Жастықтың символы болып қала беріңіз. Сізді тағы да көргенімізге қуаныштымыз" , - деп жазды Бүркіт.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel