Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің көңілдесі жүкті екенін біліп қойған келіншек жұрттан ақыл сұрады

Опубликовано:

Күйеуінің көңілдесі барын және оның жұбайынан аяғы ауыр екенін білген әйел жұрттан кеңес сұрады. Ол көпшіліктен отбасын сатып, жарына опасыздық жасаған адамға қатысты қандай әрекет жасауға болатынын сұрады деп хабарлайды devushki_nursultana парақшасына сілеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күйеуінің көңілдесінің жүкті екенін білген келіншек басқалардан өзінің орнында болғанда қалай әрекет етерін сұрады.

"Жұрттың пікірі қызықтырып тұр. Бір қыздың сіздің күйеуіңізден аяғы ауыр екенін, бала босанғалы отырғанын білсеңіз, қалай әрекет етер едіңіздер? Мұның бәрі әрине ер адамның кінәсі, дегенмен мен де бұған себепкер болған шығармын. Күйеуім жасаған ісі үшін кешірім сұрап, отбасын сақтап қалғысы келеді", - деді ол.

Алдында қиын таңдау тұрған келіншек тығырыққа тірелгенін түсінді. Сүйіктісін басқаға бергісі келмейтін әйел енді жұрттан ақыл сұрап отыр.

"Енді менің алдымда таңдау тұр. Не ажырасып, балаларымды әкесіз қалдырамын не болмаса оның жанында жиіркенішпен өмір сүремін. Бір жағынан ол басқа отбасыға кетіп қалса, жағдайым жақсармайтынын білемін. Оны сүйемін. Балаларыма да басқа әке іздемеймін. Не істеймін?", - деп жазды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815255-kjeuini-zkti-kildesi-baryn-bilip-kojgan-kelinsek-zrttan-akyl-srady/

pixel