RU
Димаш АҚШ-тағы табынушыларына керемет тосынсый дайындауда (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш АҚШ-тағы табынушыларына керемет тосынсый дайындауда (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз Instagram парақшасында Америкадағы жеке концертіне байланысты қызықты жазба жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш АҚШ-тағы концертінің дайындығында түскен суретімен көпшіліктің назарын аударды.

"АҚШ-тағы концертке дайындалудамыз. Сіздерді не күтіп тұрғанын білмейсіздер",- деді орындаушы.

Димаш 10 желтоқсанда "Барклайс-центр" стадионында жеке концерт өткізеді. Бұл алаңда әлемдік беделі бар Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Ариана Гранде, Крис Браун, Backstreet Boys, Рианна, Jay-Z және басқа да жұлдыздар өнер көрсеткен.

Димаштың концертіне билеттердің алдын ала сатылымы 10 қыркүйек күні таңғы 10:00-де басталып, 12 қыркүйек күні сағат 22:00-де аяқталады.

Бұл уақытта билеттерді табынушылар, карта ұстаушылар, команда және тағы басқалар ала алады.

Ал билеттің қоғамдық сатылымы 13 қыркүйек күні сағат 10:00-де httticketmaster.com сайтында басталады.

Билет сатылымы Солтүстікамерикалық шығыс уақыт бойынша басталады (Eastern time).

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel