RU
Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей алғаш рет кенже қызын көрсетті (фото)

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей алғаш рет кенже қызын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей қалың көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті. Телевидение саласының майталманы отбасын ел алдына шығара бермейтін жұлдыздар қатарына жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі журналист Хабиба есімді қызын желі қолданушыларына алғаш рет көрсетті.

Бұған дейін ол Instagram парақшасында кенжесінің тек арқасынан түсірілген фотоларын жариялап жүрді.

Желідегілер Айгүл Мүкейдің кішкентай қызына тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдіріп жарысты.

"Үлкен қыз болыпты ғой. Тәтті ханшайым" , "Қыз деген осы, жаным сол" , "Сіздің гүліңіз өсіп қалыпты" , "Ханшайымыңыз өсіпті, Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін" , "Періште" , "Гүлдің ерекше иіскеп тұр. Мұндай жаста гүлдің иісі бар екенін қайдан біледі? Ақылды қыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айгүл Мүкей қызын 2018 жылдың бесінші мамырында дүниеге әкелді. Тележүргізушідің Хабибадан басқа Асанәлі атты ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel