RU
Үш жасар сәбидің ұрлануы мен өлімі: Күдікті жігіт Қарағандыда қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Үш жасар сәбидің ұрлануы мен өлімі: Күдікті жігіт Қарағандыда қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Бүгін түнде полиция қызметкерлері Қарағанды облысында үш жасар баланы ұрлап кетіп, өлтірді деп күдікке ілінген азаматты ұстады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күдіктінің әлеуметтік желіде тараған фотосы

Күдіктінің әлеуметтік желіде тараған фотосы

Шет полиция бөлімшесінің хабарлауынша, Игентай Сопыжановты құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолға түсірген.

"Бүгін түнде оны Қарағандыда ұстады", - деп хабарлады Шет аудандық АІІБ.

Аймақтағы ПД баспасөз қызметі де ұстау дерегін растады.

"Иә, ұстады", - деп қысқа қайырды ведомство.

Қазіргі уақытта ол изоляторға қамалып, сәби ұрлығы мен өлтіру ісі бойынша түсінік беріп жатыр.

Айта кетейік, сәби 5 қыркүйекте ұрланып, денесі 8-қыркүйекте табылған соң, нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.

Сағат таңертеңгі 10-да үш жасар Максим Гарифулиннің денесін патрульді полиция қызметкерлері Шет ауданындағы Бұрма ауылынан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы тұншықтырып өлтірген.

Дүкен маңында таныс келіншекке жүгіріп келіп, оның қолынан бүлдіршінді ұрлап кеткен азаматқа республикалық іздеу жарияланған болатын.

Биыл ол жақсы тәртібі үшін түрмеден уақытынан бұрын босап шыққан.

Баланың анасы мен күдіктінің кездескені, сондай-ақ, Игентай Сопыжанов осыдан төрт жыл бұрын сүйіктісінің туған әпкесін өлтіргені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel