RU
"Баласын қалай асырайды?": Танымал журналист 15 жасар жұбайларға шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Баласын қалай асырайды?": Танымал журналист 15 жасар жұбайларға шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Гүлмира Әбіқай 15 жасында отау құрып, желіде шу тудырған ақтаулық жас жұбайларға қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жаста үйленуге қарсы екенін ашық айтып, жасөспірімдердің жанұя құруына еш кедергісіз жол берілгеніне шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Әбіқай ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға ұласқан 15 жасар жұбайлардың оқиғасына қатысты ойын өзінің Instagram парақшасында білдірген.

Журналист 18 жасқа толмай ерлі-зайыпты болуға түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

"Жеке пікірім, 15 жаста үйленуге қарсымын. Қыз да, жігіт те бозбала. Бәрібір олар 18-ге толғанша заңды некеге тұра алмайды.

Аузының сүті кеппеген келіншектің ақталғанын қара "Мені алып қашып кеткендіктен, өзімнің де хабарым жоқ" деді. 15 жасар жігітке 15 жастағы қызды ұрлап қашуға кім жол берді? Ата-ана, мектеп, ИДН қайда?

Қыздың жазбасына қарағанда Қарақалпақстаннан көшіп келген қандастар, ол жақтағы заң, салт-дәстүр қалды деп түсіндіретін бір ересек адамның болмағаны ма? Сонда, біздің Конституциядағы зайырлы-демократиялық мемлекетіміздің заңы қайда?
Олар ертең баласын қалай асырайды, ҚР 18 жасқа дейін жұмысқа алуға тыйым салынады. Өздерінде жеке бас куәлік жоқ адамдардың баласы ертең әлбетте құжатсыз болады" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
8
2
3
2
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel