RU

Саусағын тапанша қылып, көршісін "атқан" азамат сотқа тартылды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Пенсильвания штатының 64 жастағы тұрғыны саусақтарын тапанша сияқты бүгіп, көршісін атқандай кейіп танытқан. Осы әрекеті үшін ол сотқа тартылды деп жазады 120.su басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Стивен Кишнердің бұл оқиғасы өткен жылы басталыпты. Көшеде емін-еркін кетіп бара жатқан Стивен үйлердің бірінде тұрған көршісін көріп қалады. Екеуінің қарым-қатынасы дұрыс болмаса керек-ті.

Көршісі Стивенге ортаңғы саусағын көрсетеді. Кейіпкеріміз оған жауап ретінде саусақтарын тапанша сияқты бүгіп, қарсыласын атқандай болады.

Сөйтіп, Стивен бірнеше уақыттан кейін сотқа шақырту алған. Көршісі оның жасаған әрекетін қауіпті деп есептеп, құқық қорғау органдарына жүгініпті.

Сот процесі бір жылға созылған. Стивен Кишнер қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыпталып, оған 100 доллар айыппұл төлеу жазасы кесілген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Саусағын тапанша қылып, көршісін "атқан" азамат сотқа тартылды (видео)
Mailfire view pixel