RU

Қарағандыдағы бала ұрлығы мен өлімі: Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады

Telegram logo VKontakte logo

Қарағандыда үш жасар баланың өліміне күдікті азамат ұсталды. Ол өз сүйіктісінің баласын өлтіргенін теріске шығарған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әлеуметтік желі

Фото: Әлеуметтік желі: UGC

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллиннің хабарлауынша, күдікті баланы ұрлағанын және өлтіргенін мойындап отыр. Сопыжанов қазір уақытша ұстау изоляторына тоғытылған, іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 5 қыркүйек күні ұрланған сәбидің денесі 8 қыркүйекте табылды. Артынша нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.

Сағат таңғы 10-да үш жасар Максим Гарифулиннің денесін патрульді полиция қызметкерлері Шет ауданындағы Бұрма ауылынан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы тұншықтырып өлтірген.

Дүкен маңында таныс келіншекке жүгіріп келіп, оның қолынан бүлдіршінді ұрлап кеткен азаматқа республикалық іздеу жарияланған.

Биыл күдікті жақсы тәртібі үшін түрмеден уақытынан бұрын босап шыққан екен.

Жуырда баланың анасы мен күдіктінің кездескені, сондай-ақ, Игентай Сопыжанов осыдан төрт жыл бұрын сүйіктісінің туған әпкесін өлтіргені белгілі болды. Күдікті Қарағандыда қолға түсті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қарағандыдағы бала ұрлығы мен өлімі: Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады