RU
"Ұнаған жоқ": Қазақ ақыны Димаш Құдайбергеннің концертін сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ұнаған жоқ": Қазақ ақыны Димаш Құдайбергеннің концертін сынға алды

Рассказать Вконтакте

Отандық белгілі ақын Исраил Сапарбай даусымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген Димаш Құдайбергеннің концертін сынға алды. Ол тума таланттың елордада өткізген соңғы ән кеші өзіне мүлде ұнамағанын ашып айтты деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Исраил Сапарбай таңғажайып дауыс иесінің жеке ән кешіне не себепті көңілі толмағанын түсіндірді.

"Мен шындықты айтуым керек. Реті келсе, Димаштың өзіне де айтамын. Алдындағы астанадағы кеші маған ұнаған жоқ. Кешті теледидардан көрдім.

Ұнаған жоқ. Ұнатпаған себебім: Онда ол - шоу. Ресейдің талай әншілері айтты оны. "Бізге шоу керек емес. Димаштың даусы керек" деді.

Бұл жолы ол әртүрлі себептермен шу болып кетті. Димаштың өзі секіріп кетті. Мүмкін ол өзінің басқа қырын көрсетейін деген шығар.

Бірақ, Димашқа Алла дауысты беріп тұр ғой. Бесінші, алтыншы октаваға. Бұл концертте бір-екі қазақ әні ғана айтылды. Өзіміздің халық әндерімен сәл толықтырғанда, ең кемінде бес-алты ән айтқанда онда кеш кеш болар еді", - деп пікір білдірді ол.

Оған қоса, Исраил Сапарбай қазақ атын әлемге паш етіп жүрген әншімізге ағалық кеңесін айтты.

"Димаш қазір маңдайымызға жазылған тек қазақ емес, әлемдік феномен. Қазір Димашымыз өзіміздің қолымызға түспейді.

Мен онымен бір жолықсам, бір мүмкіндігім болса мынаны айтар едім:

"Айналайын, сен қазақсың, қазақшаны керемет білесің. Сенің қаның, жаның, болмысың, барың - қазақ. Сен қазақтың халық әндерінен блог жасашы. Он әннен кем болмайды. Сен сонда әлемдік тарихтиа қаласың. Сен өзіңнің патриот, ұлтжандылық есебіңмен қазақ әндерін бір көтеріп шығарсаң, Алла тағаланың бізге берген аманатын сен орындар едің" деп айтар едім" , - деді ақын.

Сіздің реакцияңыз
17
0
4
3
6
57
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel