RU
Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте полицейлер жергілікті кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

"7 қыркүйек күні жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады. Ол Түркістан облысының азаматы болып шықты",- деп хабарлады департаментте.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу барысында қылмыс жалпы фирманың бюджетінен ірі соманы ысырап еткен, қаза тапқан адамның компаньонының тапсырысы бойынша жасалғаны анықталды.

Тапсырыс берген азамат 25 шілде күні ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта қамауда отыр.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, 19 шілде күні тапа-тал түсте Шымкентте белгілі кәсіпкерді атып кетті.

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, кәсіпкер өз үйінің ауласынан Lexus көлігімен шығып бара жатқан. Сол уақытта коммуналдық қызмет жұмысшыларының сары жилетін киген азаматтар оған оқ атқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel