RU
Үшінші немересі дүниеге келген Шаһизада елден сүйінші сұрады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үшінші немересі дүниеге келген Шаһизада елден сүйінші сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Шаһизада Байбатжанова үшінші мәрте әже атанды. Әншінің келіні дүниеге Дияр есімді батырды әкелген. Қуанышы қойнына сыймаған әнші бұл жаңалықты бірден желідегілерге хабарлауды жөн көріпті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі көпшіліктен сүйінші сұрап, Instagram желісінде үш немересі бар әже атану қуанышымен бөліскен.

Отбасындағы жаңалықты халыққа жеткізген Шаһизаданың көңілі босап, көз жасына ерік берді. Әнші өз оқырмандарына арнайы видео түсірген.

"Алақай, Диярым бүгін туылды. Үшінші немерем жарык дүниеге келіп, бәрімізді қуантып жатыр. Аллаға мың да бір алғыс. Диярымның, немерелерімнің жастары ұзақ болып, бізді қуанта берсін" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызын құттықтап, оған өзінің ақ тілектерін жаудырып жатты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel