RU
Альбина Джанабаева Меладзенің продюсерлік орталығынан кетіп қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Альбина Джанабаева Меладзенің продюсерлік орталығынан кетіп қалды

Рассказать Вконтакте

Әйгілі "ВИА Гра" құрамында ән салған Альбина Джанабаеваның шығармашылығы белгілі ресейлік композитор Константин Меладзенің продюсерлік орталығымен тығыз байланысты болған. Алайда, жақында әншінің қайын ағасымен жұмыс істеуді тоқтатқаны анықталды деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: znaj.ua

Фото: znaj.ua

Валерий Меладзенің жары танымал продюсерлік орталықтан кетуінің себебін түсіндірді. Айтуынша, ол Константинмен жұмысын бір жарым жыл бұрын тоқтатқан.

Джанабаева басқа орталыққа ауысқан.

"Мен "ВИА Гра" құрамында жұмыс істеп, үлкен тәжірибе алдым. Одан кейін жеке әншілігімді де қолға алдым. Бұл мүмкіндік маған өз айналамды жаңа авторлармен, өзім сияқты ойлайтын жандармен, керемет командамен толықтыруға мүмкіндік берді. Мен Константин Меладзеге алғыстан басқа айтарым жоқ. Сізді қатты сыйлаймын.
Алайда, 2018 жылдың ақпан айынан бастап, мен шығарған барлық әндер, сұхбаттар, түсірілімдер Goldenlook менеджмент-компаниясымен серіктестігімнің арқасы. Иә, мен енді Меладземен жұмыс істемеймін" , - деп мәлімдеді Альбина.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel