RU
"Алға жігіттер": Головкин қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі
Жаңалықтар Қоғам

"Алға жігіттер": Головкин қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин әуесқой бокста өнер көрсететін қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Екатеринбургте басталатын әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін. Алға, жігіттер!" , - деді Головкин.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді.

Турнирде әлемнің 91 елінен келген, 488 спортшы бақ сынайды.

Қазақстанның намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің аты-жөнін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel