RU
Ләйлә Сұлтанқызы "арғы өмірге" барып келген күнін еске салды

Ләйлә Сұлтанқызы "арғы өмірге" барып келген күнін еске салды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен ауыр жағдаймен бөлісті. Айтуынша, ол осыдан он жыл бұрын "арғы өмірге" барып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйла Сұлтанқызы Instagram парақшасындағы кезекті жазбасында үйінде талып қалып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан оқиғасын айтып берді.

Тележүргізушінің сөзінше, отбасы дәрігерлер келгенше өзімен қоштасуды бастап қойған.

"Негізі мен "арғы өмірге" бір рет барып келгем. Бірақ, қап-қара туннель де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: Осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар.
Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, жансақтау бөліміндемін. Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel