RU
Макияжын дұрыстап сүртпеген қыздың көзінен кене табылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Макияжын дұрыстап сүртпеген қыздың көзінен кене табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хубэй провинциясында тұратын Лю есімді бойжеткен соңғы уақытта көздері тітіркеніп, кірпігі түсе бастағанын байқаған соң, дәрігерге барған. Ақ халаттылар оның кірпігінен кене тапқан деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото © WeChat / Jiangsu Television

Фото © WeChat / Jiangsu Television

Аурудың себептері бойжеткен күткеннен әлдеқайда ауыр болып шықты. Мамандар оның кірпігінен безеулер типіндегі кенелер ұясын тапқан. Оның пайда болу себебі қарабайыр.

Жұмыстағы дресс-код талап еткен соң, бойжеткеннің макияжсыз бірде бір күні болмаған. Алайда, жұмыс күні аяқталған соң, Лю бетіндегі косметикасын дұрыстап сүртпеген.

Оның салдары көп күттірген жоқ.

Фото © WeChat / Jiangsu Television

Фото © WeChat / Jiangsu Television

Жиналып қалған өлі тері мен кірдің арқасында оның көздері кенелер үшін тамаша көбею алаңына айналған.

Макияжды қалауыңызша күнделікті пайдалануға болады, алайда оны тазалап сүртуді ұмытпаңыз. Әйтпесе, ақыры Лю тап болған қиындыққа әкеп соғуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
3
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel