RU
Америкалық актердің 23-тен аса туысы Дориан дауылынан соң жоғалып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Америкалық актердің 23-тен аса туысы Дориан дауылынан соң жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Актер Сидни Пуатьенің 23-тен аса отбасы мүшесі Багамдағы "Дориан" дауылынан болған табиғи апаттан хабарсыз кеткен деп хабарлайды Daily Mail сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото © Twitter/USAIDMarkGreen

Фото © Twitter/USAIDMarkGreen

Бұл туралы актердің жиені 66 жастағы Джеффри Пуатье хабарлаған.

Оның айтуынша, бірнеше күннен бері Багам аралында тұратын туыстарынан, оның ішінде әпкесі Барбара мен оның балаларынан ешқандай хабар жоқ.

Пуатьенің сөзінше, ол үмітін үзбестен, кез келген әдіс арқылы туыстарымен байланысуға тырысып жатыр. Алайда, бәрі нәтижесіз.

Қазіргі таңда ол отбасын іздеу үшін Багам аралдарына өзі аттанғалы жатыр.

Пуатье отбасының басқа мүшесі Кимберли өзі АҚШ-та болса да, туыстарын іздеп жатқанын айтты. Ол Багамдағы отбасы туралы біреу-міреу айтып қалар деген үмітпен үнемі хат жіберіп отыр.

Кимберли Джеффридің әпкесі болуы мүмкін Барбара деген әйелмен су тасқынынан қайыққа мініп аман қалған немере ағаларымен байланысқанын айтты.

Алайда әйелдің фотосуретін көрген Джеффри Пуатье ол өзінің әпкесі еместігін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel